ШАРДАРА АУДАНЫ БОЙЫНША АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕРДІ ЖАЛҒА БЕРУ КОНКУРСЫ ӨТКІЗІЛЕДІ.

ШАРДАРА АУДАНЫ БОЙЫНША АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕРДІ ЖАЛҒА БЕРУ КОНКУРСЫ ӨТКІЗІЛЕДІ.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабына сәйкес, Шардара ауданы әкімдігі  жер учаскелерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға беру конкурсын өткізетінін хабарлайды.

Жер учаскелерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға беру конкурстарын ұйымдастырудың және өткізудің шаттары мен талаптары.

  1. Конкурс өткізілетін күні және орны: 2025 жылы 22 сәуір сағ 1100- де. Шардара қаласы, Қазыбек би көшесі №2 Г үй,Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде өтеді. Қосымша ақпаратты 8(72535) 2-31-00 телефоны арқылы білуге болады.

Конкурсқа өтінімдері беру (құжаттарды қабылдау) күні және орны: 2025 жылы 31 наурыздан–21 сәуірге дейін (21.04.2025 жыл сағ: 1800 - де аяқталады).Шардара қаласы, Қазыбек би көшесі №2 Г үй, Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

  1. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

      2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

     3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

      4) конкурстық ұсыныс;

      5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

      Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

  1. Конкурстық ұсыныста:

                1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

                2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

                3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

  1. Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

                Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

                Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және  22.04.2025 жылғы сағ 11 00-ге дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

                Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады.

Конкурстық комиссияның қорытындысы қабылданатын күні 22.04.2025 жыл.

 

  Шардара ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жер учаскесін жалға беру конкурсына қойылған жер учаскелерінің ТІЗБЕСІ                                     
 
  р/н Жер учаскесі лот  № Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы  Көлемі, га  Топырақтың сапалық сипаттамасы Жалға беру мерзімі, жыл Жер учаскесінің орналасқан жері (шаруашылық, аудандық орталықтан орталыққа дейінгі орташа қашықтық)  Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы 
  1 2 3 4                                  5   7 8 9
  1 1 жайылым 300,0 құмды, орташа сазды 5 жыл Қ.Тұрысбеков а/о егін және мал шаруашылығы
  2 2 жайылым 300,0 құмды, орташа сазды 5 жыл Қ.Тұрысбеков а/о егін және мал шаруашылығы
  3 3 жайылым 300,0 құмды, орташа сазды 5 жыл Қ.Тұрысбеков а/о егін және мал шаруашылығы
  4 4 суармалы 15,0 шалғынды, суармалы ауыр сазды 49 жыл Көксу а/о егін және мал шаруашылығы
  5 5 суармалы 20,7 шалғынды, орташа сазды 49 жыл Қоссейіт а/о егін және мал шаруашылығы
  6 6 суармалы 6,0 шалғынды, орташа сазды 49 жыл Қоссейіт а/о егін және мал шаруашылығы
  7 7 суармалы 8,3 шалғынды, орташа сазды 49 жыл Қызылқұм а/о егін және мал шаруашылығы
  8 8 суармалы 10,88 шалғынды, суармалы ауыр сазды 49 жыл Достық а/о егін және мал шаруашылығы
  9 9 суармалы 6,0 құмды,орташа сазды 49 жыл Достық а/о егін және мал шаруашылығы
  10 10 суармалы 17,26 құмды, орташа сазды 49 жыл Ақшеңгелді а/о егін және мал шаруашылығы
  Барлығы  984,14        
     
              Қазақстан Республикасының "Жер кодексінің" 43-1 бабының 6-тармағына сәйкес, ауданның, облыстың маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдауды шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін  уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімі баспасөз басылымдарында және жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында алғаш рет жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда, күнтізбелік он бес күн өткен соң бастайды. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау және тіркеу- өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда, он жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.