ШАРДАРА: АҚБЕРДІ ЕЛДІ МЕКЕНІНЕ ГАЗ БЕРІЛДІ

ШАРДАРА: АҚБЕРДІ ЕЛДІ МЕКЕНІНЕ ГАЗ БЕРІЛДІ
Бүгін Қ.Тұрысбеков ауылдық округіне қарасты Ақберді елді мекені көгілдір отын көзіне қосылды.
Нысанды іске қосу шарасына аудан әкімі Арман Қарсыбаев қатысып, жергілікті тұрғындарды құттықтады:
«Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында жағымды жаңалықтардың бірі міне Ақберді елді мекенін газ көзіне қосу шарасы болып отыр. Жалпы Шардара ауданы бойынша 10 елді мекен, яғни Ұзын-ата, Алатау батыр, Қызылқұм, Сүткент, Ақалтын, Егізқұм, Достық, Көксу, Қоссейіт, Шардара және Шардара қаласындағы 12 бірлік шағын аудан табиғи газбен қамтамасыз етілген, халықтың табиғи газбен қамтылу деңгейі 98 пайызды құрап отыр. Халыққа қолайлы жағдай жасау жұмыстар қарқынды түрде жалғаса бермек»- деді Арман Қарсыбаев.
Сонымен қатар, аудан ардагерлері де шараға қатысып,өз ыстық лебізлерін жеткізді.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі