ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ҚЫЗЫЛҚҰМ АУЫЛЫНДА БОЛДЫ

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ ҚЫЗЫЛҚҰМ АУЫЛЫНДА БОЛДЫ
Аудан әкімі Арман Қарсыбаев Қызылқұм ауылына барып, ондағы күрделі жөндеуден өтіп жатқан мәдениет үйі мен жаңадан қазылған ауыз су ұңғымасының құрылысымен танысты.
Салаға жауапты мамандармен нысандар бойынша жұмыс жүйесін саралады.
Айта кетсек, Қызылқұм ауылдық 300 орындық мәдениет үйін 2024 жылы «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуге қаржы бөлінді. Ағымдағы жылға мемлекеттік сатып алу порталына салынып, жеңімпаз мердігерлер анықталған. Күрделі жөндеу жұмысы 2025 жылға өтпелі. Жөндеу жұмыстары 20- мамырдан басталды, қазіргі таңда демонтаж жұмыстары (кітапхана, спорт зал қабырғаларының ішкі сылақтары түгелімен түсірілді) жүргізіліп жатыр. Ғимараттың шатыры алынып, сейсмобелдеу құйылып жатыр.
Сондай-ақ, Шардара ауданы, Қызылқұм ауылдық округі, Қызылқұм ауылының су торабы құрылысы бойынша, бүгінгі күнге 1020 метр тереңдікте ұңғыма қазылып, ұңғыма ішін тазалау және бас су торабын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Аталған нысан құрылысын ағымдағы жылдың 1 шілдесінде қабылданып алынатын болады.Бүгінгі таңға нысан құрылысын қабылдап алу бойынша құжаттары әзірленуде.
(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі