Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті “Жер-2024” республикалық-командалық штабтық оқу-жаттығу шеңберінде 2024 жылғы 3 маусымда сағат 10.00-де қала аумағында сиреналық-сөйлеу құрылғыларын қосу арқылы “Баршаның назарына!”сигналы беріледі.
Түркістан облысы тұрғындары мен қонақтарын, жаттығу аясында қосылған дабылға түсіністікпен қарауды, тыныштық сақтауды және дүрбелеңге түспеуді сұраймыз!