Шардара қаласындағы Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектепте 2023-2024 оқу жылының аяқталуына байланысты «Мың алғыс саған ,мектебім!» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.
Мектепке арнайы қонақ ретінде 10 жылдық мектеп бітіруші түлектер келіп өздерінің ізгі тілектерін, ұстаздарға деген құрметін білдірді.
Сондай-ақ, 10 жылдық мектеп бітіруші түлектер мектептеріне арнап өздерінің игі істерін жасап, көп балалы жалғызбасты ана, Төменгі тоғай елді мекенінің тұрғыны Ибрагимова Гүлмираға 4 бөлмелі пәтердің кілтін сыйға тартып, қайырымдылық іс жасады.
Үлгілі іс жасаған түлектерге көпбалалы ана мен тұрғындар алғыстарын жаудырды.