ШАРДАРА:АУДАН ӘКІМІНЕ КЕҢЕСШІ ҚАБЫЛДАНДЫ

ШАРДАРА:АУДАН ӘКІМІНЕ КЕҢЕСШІ ҚАБЫЛДАНДЫ
Аудан әкімінің өкімімен Қалдарбек Батыр Тұрғанбекұлы арнайы тексерудің нәтижелерін алған күнге дейін 2024 жылдың 26 наурыздан бастап, аудан әкімінің кеңесшісі міндетін уақытша атқару үшін қабылданды.
Батыр Тұрғанбекұлы 2001 жылы Мемлекеттік Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетіне Қаржы және несие мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2006 жылы аяқтаған.
Еңбек жолын 2009-2013 жж Шардара автобус паркінде бухгалтер, 2014-2018 ж.ж. аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдіскері, 2018 жылдан қазіргі таңға дейін аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарған.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі