А.ҚАРСЫБАЕВ: «ӘР ТАПСЫРМА МЕНІҢ ТІКЕЛЕЙ БАҚЫЛАУЫМДА»

А.ҚАРСЫБАЕВ: «ӘР ТАПСЫРМА МЕНІҢ ТІКЕЛЕЙ БАҚЫЛАУЫМДА»
Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен лездемелік аппараттық мәжіліс өтті.
Жиында күн тәртібіндегі өзекті мәселелелер қаралды. Атап айтқанда, Шардара қаласын ауыз сумен қамтамасыз ету жобасы, «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасының аясында жүзеге асатын жобалар,тұрғын үй құрлысы,Қызылқұм ауылындағы ауыз су мәселесі, жекеменшік ағын су каналдарын қайтару, саябақтарға күзетші қою,инфрақұрылым,облыс және аудан әкімдігі тарапынан бекітілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бойынша бірқатар мәселелер сараланды.
Аудан әкімі тапсырма жүктелген орынбасарлар,бөлім басшылары мен ауыл әкімдерін қатаң сынға алып, мерзімі кешіккен жұмыстар үшін сөгіс беріліп, тіпті салғырт қарағандардың қызметі қаралатындығын жеткізді.
(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі