ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ
Наурыз айының 20-23 күндері аралығында Алматы қаласында найза лақтырудан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Тартысты додада өнер көрсеткен мектебіміздің спортшылары 🥇4 алтын, 🥈2 күміс, 🥉 1 қола алқаларды қанжығаларына байлады.
Атап айтар болсақ, І-орынды: Маман Нұрдәулет, Елбосын Жігер, Манасбай Әйгерім, Есіркеп Ұлболсын. ІІ-орынды:Құлатай Шадияр және Жаманбай Азамат. Ал ІІІ-орын Керімбек Рысдәулетке бұйырды.
Сонымен қатар, алдағы уақытта өтетін Азия чемпионатына қос спортшымыз Маман Нұрдәулет пен Манасбай Әйгерім жолдама алды.
Жеңіске жеткен спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымызды құттықтай отырып,алдағы Азия чемпионатында жеңіс тұғырынан көріне берулерін тілейміз.