Жазғы лагерь көңілді.Жаз жайнатып, күн күлдіріп,Біз лагерьге барамыз, - деп оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы лагерьге баруға асығады.Шардара аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты N1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектеп жанындағы " Балдаурен" жазғы сауықтыру алаңы ашылғанын хабарлаймыз. 02.06.2023 жылы салтанатты ашылуы болып ондағы жалпы 76 -оқушымен қабылданып 1-ші аусымда 38- оқушы көңілді күн өткізуде. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Жамберованың бастауымен " Балалар аллеясы " салтанатты түрде ашылды.Мектеп директоры Г.Ганиева адами әлеуетті дамыту бөлімінен педагог - психолог әдіскері Д.Маметова жәнеде ата -аналар кеңесінің төрағасы Ж.Барболов атамыз құрметті қонағымыз ретінде шақырылды. Лагерьдің ашылуына байланысты мектеп асханасының бас аспазшысы Н.Талапованың демеушілігімен оқушыларымызға пицца таратылды. Лагерь маусым айының 02 күні ашылып 25-маусымға дейін жұмыс жасауда. Алдағы уақытта балалардың уақытты тиімді және қызықты өтуіне ат салысамыз!
Дайындаған : Ж.Танабаева