ШАРДАРА: ПУИД-2 ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

ШАРДАРА: ПУИД-2 ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбай, облыстық мәслихат депутаты Бақытжан Серманизов бастаған топ ПУИД-2 бағдарламасы аясында жүріп жатқан каналарды бетонмен қаптау құрылыс жұмыстарымен танысты.Алатау батыр ауылдық округіне қарасты №685 ағын су бекетінің жұмыс барысын қарап, каналдарды бетондау бойынша жұмыс атқарып жатқан «Тахал» және «Мелиоратор» мердігерлік компанияларының өкілдерімен кездесіп, оларды жұмыс жоспарларымен танысты.Сонымен қатар, 4ПР-2 каналының бойындағы құрылыс жұмыстарында орын алған кемшіліктерді қарап, шаруалар мен мердігер компаниялардың жоспарлы келісілген түрде жұмыс жүргізу керектігі сөз болды. Өйткені, Алатау батыр және Қызылқұм ауылдарында жүзеге асып жатқан каналдарды бетондау жұмыстары ондағы диқандардың суармалы жерін суландыру мақсатында жүргізілуде.
Бұдан бөлек, жұмысшы топ 140 адамды жұмыспен қамтып отырған Алатау батыр ауылындағы «Шебер» тігін цехының жұмысымен танысып, мемлекет тарапынан қажетті қолдаулар бойынша ықпал жасайтындықтарын жеткізді.
(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі