Хабарландыру

Хабарландыру

«ШалқияЦинк ЛТД» АҚ «Тау - Кен Самұрық» ҰМК» АҚ-ның 100% еншілес ұйымы 2002 жылғы 21 мамырдағы №935 келісімшарт бойынша Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының «Шалқия» кен орнында полиметалл кендерін өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығының иегері болып табылады.

Сонымен қатар «Шалқия» кен орнында өндірістік қуаттылығы 4 млн.тонна кен байыту фабрикасы мен кеніштің күрделі құрылысының жұмыстары Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.

Құрылыс жұмыстарын аяқтау және кен өндіру мен өңдеуді бастау 2025 жылы жүзеге асырылатындығын назарға сала отырып, аталған кәсіпорынға азаматтарды жұмысқа қабылдап жатқанын хабарлаймыз.

Осыған орай, өздеріңіздің аудан қала әкімдіктердің интернет ресурстарында  Шалқия кеніші жұмысына (оның ішінде жұмысқа орналасу және т.б.) қатысты хабарландыру ілуді сұраймыз.

Жұмыс бойынша ақпараттар info@zinc.kz электрондық поштаға немесе 8(72435)79107 телефон нөмірлеріне өтінім қалдыруға болатындығын назарларыңызға саламыз.