ШАРДАРА: ЖЕТІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИЫРМА БІРІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ШАРДАРА: ЖЕТІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ  КЕЗЕКТІ  ЖИЫРМА БІРІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Мәжіліске аудан әкімі Қ.Жолдыбай, аудандық мәслихат хатшысы А.Қарсыбаев, қала-ауыл әкімдері, дербес бөлім басшылары мен жергілікті депутаттар қатысты.
Сессияда барысында негізінен күн тәртібіндегі жеті мәселе қаралды.
Жиында мәслихат депутаттарының алдында аудан әкімі Қайрат Жолдыбай және Жаушықұм, Қоссейіт ауылдық округтерінің әкімдері мен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы өзіне артылған қызметтер мен міндеттерінің атқарылу бойынша есеп берді.
Баяндамашыларға мәслихат депутаттары тарапынан сауалдар қойылып, шешілуге тиісті мәселелер айтылды.
Атап айтқанда, елді мекендердегі интернет желісі, Сүткент ауылына қосымша воркаут спорт алаңшаларын салу, Өтеғұл, Жоласар елді мекендерінің ауыз су мәселесі, Достық ауылынан өтетін облыстық маңызы бар күре жол бойын қосымша жарықтандыру, жасыл аймақтарды күтіп ұстау мәселесі, туризм саласын дамыту жоспары бойынша сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, атқарылған жұмыстар депутаттар тарапынан талқыланып, оң баға берілді.
Сонымен қатар ауданның бюджеті мен сайлау учаскелеріне және басқа да мәслихат шешімдері бекітіліп, жоспарлар пысықталды.
Мәжіліс соңында аудан әкімі Қ.Жолдыбай қорытын сөз сөйлеп, атқарылуға тиісті жұмыстар мен күрмеулі мәселелерге тоқталып, жоспарлармен бөлісті.
(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі