"БАЛАЛАР ЖЫЛЫ-2022" кешенді жоспары аясында 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау мерекесі күні Шардара халық театрының ұйымдастырумен "Біз бақытты баламыз " атты асфальтқа сурет салу іс- шарасы өткізілді. Іс- шараға балалар драма үйірмесіне қатысушы жасөспірімдер, олардың ата-аналары қатысты. Жас суретшілер Тұрсынхан Айбар бейбіт күннің белгісі жарқыраған күн, Тен Шыңғыс арман арқалаған ақ кеме, Бижан Жансұлтан Астана символы- Бәйтерек, Пайызхан Мұхтархан мен Саламат алуан түрлі гүлдер суретін, ең жас суретшілер Бекзат пен Бағлан Мұратұлы елдік рәміздеріміздің бірі Көк туымызды асқан шеберлікпен бейнеледі Мерекелік іс-шара соңында ұйымдастырушылар атынан жеңімпаздарға сыйлықтар мен тәтті балмұздақтар таратылды.