Құрметті полиция қызметкерлері!

Құрметті полиция қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Ішкі істер органдары - мемлекеттік биліктің қоғамда құқық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдарының бірі. Полиция қызметкерлерінің кәсіби қызметі зор жауапкершілігімен, тәуекелге бел бууымен ерекше құнды. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап оның тыныштығын қорғауға, қылмыспен күресу сияқты аса жауапты салада абыроймен еңбек етіп келе жатқан тәртіп сақшыларына ықыласым ерекше. Дәрменсіздің жанына жалау болып, өз басын қауіп пен қатерге тіге отырып, жапа шеккен жанға қамалдай қорған болар полиция қызметкерлерінің еңбегі өлшеусіз.
Құрметті, тәртіп сақшылары!
Сіздерге Қастерлі Отанымызға қалтқысыз қызмет ете отырып, мемлекетіміздің тұрақтылығын сақтауда, қауіпсіздікті нығайту бағытындағы еселі еңбектеріңізге жеміс, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, ұзақ ғұмыр, қамалдай бірлік тілеймін!
Құрметпен, Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай!