Құрметті әріптестер! Қадірлі мемлекеттік қызметшілер!

Құрметті әріптестер! Қадірлі мемлекеттік қызметшілер!
Сіздерді 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әрбір өркениеттің өріне қадам басқан мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын жүзеге асырушы мемлекеттік қызметші болып табылады.
Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметші болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметші қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетуші.
Дана халқымызда «Билігі мықты елдің – тірлігі құтты болады» деген сөз бар. Сондықтан қашан да жүгі ауыр билік міндетінің ауқымды және мақсатының биік болары барлық мемлекеттік қызметшілердің әрқашан жадында болуы керек.
Мемлекеттік қызметшінің басты міндеті туған Отаны мен халқына адал қызмет етумен бағаланады.
Айтулы мерекені пайдалана отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілеймін!
Құрметпен, Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай!