ШАРДАРА: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

ШАРДАРА: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ
Аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев 23 маусым мемлекеттік қызметшілер күніне орай, "Қызмет" Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы М.Жақыпов атынан келген "ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫН"
Шардара ауданы әкімі аппараты персоналды басқару бөлімінің басшысы Қалдықыз Көшімоваға тапсырды. Сондай-ақ, №3 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Талипов Жиенбек Байдуллаұлы "Ұстаз жолы" қоғамдық қорының төрайымы Ұ.Исабаеваның атынан келген "ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕГІ ҮШІН","ЕҢБЕК ДАҢҚЫ" және арнайы"Алғыс хатына" ие болды.
Б.Шомпиев құрметке бөленген мемлекеттік қызметшілерді құттықтап, отбасыларына амандық, жұмыстарына табыс тіледі.
(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі