ШАРДАРА: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АЛҒЫСҚА БӨЛЕНДІ

ШАРДАРА: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АЛҒЫСҚА БӨЛЕНДІ
23 маусым мемлекеттік қызметшілер күніне орай, аудан әкімі Қайрат Жолдыбай аудан әкімдігі ғимратында бірқатар мемлекеттік қызметшілерді құттықтады.
"Құрметті әріптестер! Сіздерді 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер болып табылады.
Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметші қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.
Баршаға белгілі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2003 жылы әр жылдың 23 маусымын мемлекеттік қызметшілер күні деп атап өту жөнінде ұйғарым жасаған болатын.
Бұл шараның халықаралық аренада мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің статусын көтеруге оң ықпал еткені ақиқат. Әрқашан абырой биігінен көрініп, ел үшін халық үшін аянбай еңбек ете беріңіздер"- деп аудан әкімі Алғыс хаттар табыстады.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер айтулы күнді ескерген аудан басшысына ризашылықтарын жеткізді.
Сонымен қатар Мырзағали Қарымсақов және Арапбек Алибеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы , Әдеп жөніндегі кеңесі төрағасы А.Шілмановтың "Алғыс хатына" ие болды.
(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі