Қ.ЖОЛДЫБАЙ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІ ТЫҢДАЛЫП ШЕШІЛУІ КЕРЕК

Қ.ЖОЛДЫБАЙ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІ ТЫҢДАЛЫП ШЕШІЛУІ КЕРЕК
Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбай тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауда қала тұрғыны Князбек Күнжігітов, Ұзын-ата а/о тұрғыны Абубакир Нұрпайсов, Қызылқұм а/о тұрғыны Жұлдызай Мырзалиев және қала тұрғыны Рысдаулет Исаев сынды бірқатар азаматтар болып, аудан әкіміне талап-тілектерін жеткізді.
Жеке қабылдауға келген тұрғындар тарапынан: көшеге асфальт төсеу, сайлау учаскесі мен аурухана мәселесі, тұрғын үй мәселесі және егістік жер мәселесіне қатысты сауалдар қойылды.
Аудан басшысы тұрғындардың өтініштерін жеке-жеке тыңдап, заң аясында жауап беріп, көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал ететіндігін атап өтті.