ШАРДАРА: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ШАРДАРА: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Құдайберген Ержан Шардара ауданына келіп, Қызылқұм және Алатау батыр ауылының тұрғындарымен кездесті.
Тұрғындар тарапынан: ауыз су сапасын арттыру, газдандыру, ағын су тарифының қымбаттауы, каналдарды бетондау жұмыстары
мен егінге қажетті тыңайтқыштарға тапсырыс беру бағдарламасын оңтайландыру бойынша сауалдар қойылып, бірқатар ұсыныстар айтылды.
Мәжіліс депутаты тұрғындардың сұрақтарына жеке-жеке жауап беріп, күн тәртібінде тұрған мәселелерді жазбаша түрде хат ретінде жолдауларын сұрады.
Сондай-ақ, бұл сауалдарды Үкіметке жолдап, орындалуына ықпал жасайтындығын айтты.