ШАРДАРА: ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖИЫНЫ ӨТТІ

ШАРДАРА: ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ  КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖИЫНЫ ӨТТІ
Бүгін Түркістан облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұловтың ұйымдастыруымен облыс көлемінде ардагерлердің кезектін тыс төртінші пленумы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов және облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері, сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Бердібеков пен мүшелері онлайн түрде қатысты.
Кезектен тыс жиында "Ұлы жеңіске-75" атты кітаптың шығарылуының маңызы,Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақалысының мәні, Ардагерлер кеңесінің 2021 жылғы ісжоспарын бекіту, Қазығұрт ауданындағы әкелер мектебінің тәрбиесі жөніндегі және тағы да басқа күн тәртібіндегі саяси өзекті мәселелер талқыланды.
Пленумда облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері және әр ауданның ардагерлер кеңесінің төрағалары сөз сөйледі. Бұл тұрғыда Шардара аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков жиында талқыланған өзекті тақырыптарға шолу жасап, пікір білдірді.