9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай аудандық ақпараттық-ағарту Штабының мүшелері марапатталды.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес еліміз үшін мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында нақты атап айтқан болатын.
Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру және халықпен сындарлы сұхбат құру арқылы ашықтықты қалыптастыру мақсатында, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында ауданымызда ақпараттық ағарту Штабы құрылған болатын.
Штаб құрамына аудандағы білім, мәдениет, саласының қызметкерлері, дін, жастар өкілдері енгізіліп, олар «Адалдық. Әділдік. Парасаттылық» тақырыбында әлеуметтік желілерде өз ойларын білдіріп отырды.
Аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев "Адалдық.Әділдік. Парасаттылық" тұрғысында тереңінен сөз қозғап, адалдық пен ашықтыққа үндеп, әрқашан өз ой-пікірлерін ортаға сала отырып ақпараттық-ағарту жұмысын жандандыруда белсенділік танытқан азаматтарға салтанатты түрде аудан әкімінің Алғыс хатын тапсырды.