Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің сервистік және клиентке бағдарланған моделін қалыптастыру, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында Шардара ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау мәселелері» тақырыбында кезекті «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараға Шардара аудандық орталық ауруханасының, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің және Шардара аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жауапты қызметкерлері қатысып, тұрғындарға өз құзыреттері шегінде консультативтік және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында тұрғындарға денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, медициналық қызметтердің қолжетімділігі, медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту, әлеуметтік қорғау шаралары, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық салаларға қатысты мәселелер бойынша жан-жақты ақпарат берілді.
Сонымен қатар тұрғындардың жеке сұрақтары мен ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша жауапты мамандар тиісті түсіндірмелер берді. Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер назарға алынып, оларды қолданыстағы заңнама шеңберінде қарау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетіндігі түсіндірілді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу мүмкіндіктеріне де ерекше назар аударылып, цифрлық сервистерді тиімді пайдалану және қызметтерді алу кезінде туындайтын мәселелер бойынша практикалық кеңестер берілді.
«Қызмет алушылар күні» іс-шарасының негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, қызмет алушыларға қажетті ақпаратты тікелей ұсыну, тұрғындардың цифрлық сауаттылығын жетілдіру, сондай-ақ халық пен мемлекеттік органдар арасындағы ашықтықты, сенімділікті және тиімді кері байланысты нығайту.
Осындай ашық форматтағы кездесулер тұрғындардың өзекті мәселелерін тікелей тыңдауға, мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында туындайтын проблемаларды анықтауға және оларды шешудің тиімді жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді.
Шардара ауданында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға және тұрғындар үшін қолайлы әрі қолжетімді сервистік орта қалыптастыруға бағытталған жұмыстар тұрақты түрде жалғасатын болады.
Тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен қажеттіліктеріне негізделген «Қызмет алушылар күні» форматындағы кездесулер алдағы уақытта да жүйелі түрде ұйымдастырылатын болады.