Шардара ауданында Қазақстан Республикасындағы жергілікті әскери басқару органдарының құрылғанына 35 жыл толуына орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Жиында жергілікті әскери басқару органдарының ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, азаматтарды әскери қызметке даярлаудағы және жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудегі маңызды рөлі атап өтілді.
Іс-шараға Шардара ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Каратунов, Шардара ауданының прокуроры, әділет кеңесшісі Алмас Әлі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті Шардара аудандық бөлімшесінің бастығы Нұрсұлтан Айткуов, Шардара аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Ербол Жуманов, ауыл ақсақалдары, сала ардагерлері мен қызметкерлер қатысты.
Мерекелік жиын барысында жергілікті әскери басқару органдарында әр жылдары еңбек еткен ардагерлердің ел алдындағы елеулі еңбегі дәріптеліп, қазіргі таңда осы салада қызмет атқарып жүрген мамандарға құрмет көрсетілді. Отан алдындағы жауапты қызметтің маңызы, әскери-патриоттық тәрбие мен азаматтық жауапкершіліктің мәні кеңінен сөз болды.
Салтанатты шарада әскери-патриоттық бағыттағы қойылымдар көрсетіліп, концерттік бағдарлама ұсынылды. Өскелең ұрпаққа ел қорғау, туған жерге адал қызмет ету, Отанға деген сүйіспеншілік және азаматтық жауапкершілік құндылықтары насихатталды.
35 жылдық тарих – жергілікті әскери басқару органдарында қызмет атқарған азаматтардың табанды еңбегі мен ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қажырлы қызметінің айқын көрінісі. Бұл айтулы мерейтой сала ардагерлерінің еңбегін ұлықтап, кейінгі буынға олардың өнегелі жолын үлгі етуге мүмкіндік берді.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.