«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Шардара ауданында «Күзді таза қарсы алайық!» атты ауқымды жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды.
Тазалық шарасына 3 400-ге жуық адам – мемлекеттік мекеме қызметкерлері, спортшылар, мәдениет саласының мамандары, еріктілер және аудан тұрғындары белсене қатысты.
Сенбілік барысында елді мекендердің ішкі көшелері мен қоғамдық орындары ретке келтіріліп, қураған шөптер шабылды. Сонымен қатар арық-атыздар, жол жиектері және елді мекендер аумағы қоқыстан тазартылды.
Ауқымды тазалық жұмыстарының басты мақсаты – аудан аумағын абаттандырумен қатар, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру және тазалық мәдениетін қалыптастыру.
Тазалық – ортақ міндет.
Таза аудан – әрқайсымыздан басталады!