Шардара ауданында Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында мобильді топ құрылып, қоғамдық орындарда рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Мобильді топ мүшелері саябақтар, скверлер, жағалау аймақтары, демалыс орындары және халық көп шоғырланатын өзге де қоғамдық орындарды аралап, тазалық талаптарының сақталуына бақылау жүргізді.
Рейд барысында тазалық қағидаларын бұзудың 16 фактісі анықталды.
Атап айтқанда, қоғамдық орындарда, демалыс аумақтарында, саябақтарда және базар аумақтарында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиісті баптарына сәйкес 16 тұлғаға қатысты 16 әкімшілік хаттама толтырылды.
Құқық бұзушыларға жалпы 692 000 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Мұндай рейдтік іс-шаралардың негізгі мақсаты – қоғамдық орындарда тазалықты сақтау мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.
Аталған бағыттағы рейдтік және профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жалғасын табады. Сонымен қатар тұрғындарға қоғамдық орындарды таза ұстау, белгіленбеген жерлерге қоқыс тастамау, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі