Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлының төрағалығымен қала, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен мекеме басшыларының қатысуымен мәжіліс өтті.
Жиында Шардара қаласын көгалдандыру және абаттандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.
Осы мәселе бойынша Шардара қаласының әкімі Досбол Жұмәділлаев баяндама жасап, қала аумағын көркейту, санитарлық тазалықты сақтау және абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу бағытында атқарылып жатқан шараларға тоқталды.
Сонымен қатар, аудан әкімінің кеңесшісі Батыр Қалдарбек «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудан көлемінде жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстары туралы баяндады. Атап айтқанда, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, көшелер мен қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, абаттандырылған аумақтардың жай-күйін тұрақты бақылауда ұстау мәселелеріне назар аударылды.
Мәжілісте Шардара қаласының аумағында жаңадан салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлерді инженерлік-коммуналдық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі де қаралды.
Бұл бағытта аудан әкімінің орынбасары Е. Каратунов, Шардара аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е. Нұрахов, сондай-ақ Шардара аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы А. Махашев атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Жиын барысында Алатау батыр ауылдық округінің әкімі Сабит Тасовқа ауылдық округ аумағының тазалығын қамтамасыз ету және абаттандыру жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Сондай-ақ аудан әкімі қала және ауылдық округ әкімдеріне, дербес бөлімдер мен мекеме басшыларына жоспарланған жұмыстарды белгіленген мерзімде сапалы орындауды және алдағы міндеттердің уақытылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Мәжілісте мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт салаларындағы жұмыстарға да назар аударылды. Шардара аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Тоқтарұлы Айдаров аталған бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Жауапты басшыларға жаңадан салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлерді табиғи газбен және ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерін жан-жақты зерделеп, тиісті жұмыстарды жеделдету жөнінде тапсырмалар берілді.
Аудан әкімі Арман Қарсыбаев тұрғындардың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін абаттандыру, тазалық және инженерлік инфрақұрылым мәселелеріне ерекше мән беру қажеттігін атап өтті.
Мәжіліс барысында көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын бақылау тиісті жауапты тұлғаларға жүктелді.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.