ҚЫСҚЫ МЕЗГІЛГЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ҚЫСҚЫ МЕЗГІЛГЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Шардара ауданы әкімінің орынбасары Каратунов Еркебұлан Абдуғафарұлының қатысуымен аудан аумағын қысқы кезеңге дайындау және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүргізілді.
Іс-шара барысында Шардара ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Дияс Жұмабекұлы Тоқшабаев көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен кездесіп, қысқы мезгілдегі қауіпсіздік талаптарын түсіндірді.
Тұрғындарға жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, электр жылыту құралдарын дұрыс пайдалану, газ жабдықтарының жарамдылығын тексеру және ақаулы құрылғыларды пайдаланбау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар тұрғындарға қысқы кезеңдегі қауіпсіздік шаралары көрсетілген ақпараттық брошюралар таратылды.
Мамандар тұрғындарды пештерді, мұржаларды және электр желілерін алдын ала тексеруге, балаларды жылыту және электр құралдарын пайдалану кезінде қараусыз қалдырмауға шақырды.
Қысқы кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстар аудан аумағында жалғасатын болады.
Қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік!
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі