Бүгін еліміз бойынша маңызды саяси науқан – Құрылтай сайлауы басталды.
Шардара ауданындағы барлық сайлау учаскелері белгіленген уақытта өз жұмысын бастады.
Дауыс беру учаскелерінде азаматтардың өз конституциялық құқықтарын жүзеге асыруына қажетті жағдайлардың барлығы жасалған. Учаскелер таңғы уақытта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен ашылып, дауыс беру үдерісі басталды.
Шардара ауданы бойынша 33 сайлау учаскесі жұмыс істеп, онда 43 522 дауыс беруші тіркелген.
Құрылтай сайлауына қатысу – ел болашағына деген азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Әр азамат өз таңдауын жасап, ел дамуына қатысты маңызды шешімге үлес қоса алады.
Әр дауыс – ел болашағына жасалған таңдау!