Құрметті Шардара ауданының жастары!

Құрметті Шардара ауданының жастары!
Сіздерді 12 тамыз – Халықаралық жастар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Жастар – елдің ертеңі, қоғамның қозғаушы күші, жаңа идеялар мен жарқын бастамалардың бастауы. Бүгінгі таңда ауданымыздың қоғамдық өміріне белсенді араласып, білім, спорт, мәдениет, кәсіпкерлік, еріктілік және басқа да салаларда жетістіктерге жетіп жүрген жастарымыздың қатары артып келеді.
Шардараның болашағы – білімді, еңбекқор, отаншыл және белсенді жастардың қолында. Сондықтан әрқайсыңыздың өз қабілетіңізді дамытуыңызға, жаңа жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруыңызға барынша қолдау көрсету – біздің басты міндеттеріміздің бірі.
Баршаңызды ел игілігі жолындағы қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуға, туған жердің дамуына өз үлестеріңізді қосуға шақырамын. Армандарыңыз асқақ, мақсаттарыңыз айқын болсын!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, оқуда және еңбекте толағай табыс, жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілеймін!
Халықаралық жастар күні құтты болсын!
Шардара ауданының әкімі
Қарсыбаев Арман Романұлы