Жастар мерекесіне орай белсенді жастар марапатталды

Жастар мерекесіне орай белсенді жастар марапатталды
Жастар мерекесіне орай Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тасболатұлы Төребеков аудандағы белсенді жастар – Тілеумбетов Шынболат Базарбайұлын, Қалдарбекова Нұргүл Салыбекқызын, Хайбуллаева Гүлназ Құрбанбекқызын және Ділдәбек Бек Нұрлыбекұлын жеке қабылдап, аудан әкімі Арман Романұлы Қарсыбаевтың Алғыс хаттары мен арнайы сый-сияпаттарын табыстады.
Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары жастарды мерекемен құттықтап, олардың ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсенді атсалысып, түрлі салада қол жеткізген жетістіктері мен ел игілігі жолындағы еңбектерін жоғары бағалады.
Сонымен қатар жастардың бастамашылдығы мен тың идеялары ауданның дамуына серпін беретінін атап өтіп, алдағы уақытта да білім мен еңбекті ұштастырып, елдің өркендеуіне үлес қоса берулеріне тілектестік білдірді.
Өз кезегінде марапат иелері көрсетілген құрмет пен қолдау үшін аудан басшылығына алғыс айтып, туған өлкенің өсіп-өркендеуі жолында бұдан әрі де аянбай еңбек ететіндерін жеткізді.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.