ШАМШИДИНОВ ҚАЙСАР – «ТҮРКІСТАН БАРЫСЫ» ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ ЖАРЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

ШАМШИДИНОВ ҚАЙСАР – «ТҮРКІСТАН БАРЫСЫ» ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ ЖАРЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Түркістан облысы, Сайрам ауданының Қарасу ауылында қазақ күресінен ересектер арасында өткен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің облыстық іріктеу жарысында жерлесіміз Шамшидинов Қайсар барлық қарсыластарынан басым түсіп, «Түркістан Барысы» атанып, республикалық кезеңге жолдама жеңіп алды.
Бұл жеңістің артында спортшының қажырлы еңбегімен қатар, аудан спортын дамытуға көрсетіліп келе жатқан жүйелі қолдау да бар. Осы орайда Шардара ауданының әкімі Арман Романұлының спорт саласына қосқан үлесі ерекше екенін көптеген спортшылар атап өтуде. Ауданнан шыққан әрбір дарынды спортшыға қолдау көрсетіп, олардың биік белестерді бағындыруына жағдай жасаудағы еңбегі үшін спортшылар өз ризашылықтарын білдіруде.
Солардың бірі – «Түркістан Барысы» атанған Қайсар палуан. Оның бұл жетістігі – табанды дайындықтың, жаттықтырушылар еңбегінің және спортқа көрсетілген жан-жақты қолдаудың нәтижесі.
Жерлесіміз Шамшидинов Қайсарды айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде ел намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз!
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.