ҚОҒАМДЫҚ ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАУ – ЗАҢ МЕН МӘДЕНИЕТТІҢ КӨРІНІСІ.

ҚОҒАМДЫҚ ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАУ – ЗАҢ МЕН МӘДЕНИЕТТІҢ КӨРІНІСІ.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы 5 қарашадағы №1081 Жарлығымен айқындалған ішкі саясаттың негізгі қағидаттары мен басым бағыттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 қазандағы №910 қаулысымен бекітілген «Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасына сәйкес Шардара ауданында санитариялық тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу – ортақ міндет.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 3 маусымдағы №282 бұйрығымен бекітілген Қалалар мен елді мекендер аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидалары 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.
Аталған қағидаларға сәйкес жеке және заңды тұлғалар өздеріне тиесілі ғимараттардың, құрылыстардың және оларға іргелес жатқан аумақтардың санитариялық тазалығын қамтамасыз етуге, оларды қоқыстан, құрылыс және өзге де қалдықтардан тұрақты түрде тазартуға міндетті. Қағидаларда ғимараттарға іргелес аумақтың периметрі бойынша 5 метрлік аумақты таза ұстау талабы да көзделген.
Осы талаптар сақталмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы және 434-2-бабы бойынша әкімшілік жауаптылық көзделуі мүмкін.
Осыған байланысты аудан әкімдігі тарапынан қала және ауылдық округ әкімдеріне, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің басшыларына мынадай міндеттер жүктеледі:
Аталған іс-шаралар барысында тұрғындарға: санитариялық тазалықты сақтау;
қоқысты белгіленбеген орындарға тастамау;
аула, көше және қоғамдық орындарды таза ұстау;
меншікке және шаруашылық аумаққа іргелес жерлердің тазалығын қамтамасыз ету;
қоғамдық тәртіпті сақтау;
қоршаған ортаға ұқыпты қарау
қажеттілігі кеңінен түсіндірілсін.
Санитариялық тазалық пен абаттандыру жұмыстарын одан әрі жетілдіру мақсатында:
елді мекендердің санитариялық жағдайына тұрақты мониторинг жүргізу;
проблемалық аумақтар анықталып, оларды жою бойынша нақты шаралар қабылдау;
тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары күшейту;
заң талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қолдану.
Түсіндіру жұмыстарының қорытындысы бойынша халықпен кездесулер, рейдтер, сенбіліктер және ақпараттық-түсіндіру шараларының нәтижелері туралы аудан әкімдігіне және Шардара аудандық ішкі саясат бөліміне әр ай сайынғы атқарылған жұмыстардың ақпараттарын берілуін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар елді мекендерді абаттандыруды және санитариялық тазалық жұмыстарын ұйымдастыруғажәне Қазақстан Республикасы Конституциясының 36-бабына сәйкес әрбір азамат Конституция мен заңдарды сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
Осыған байланысты аудан тұрғындары мен кәсіпкерлік субъектілерін қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіпті сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, ортақ мүлікті күтіп ұстауға және санитариялық талаптарды мүлтіксіз орындалуы қажет.
Тазалық – баршаға ортақ жауапкершілік. Таза әрі көркейген елді мекен – тұрғындардың заңға деген құрметі мен жоғары азаматтық мәдениетінің айқын көрінісі. Туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне әрқайсымыз өз үлесімізді қосайық!
«Заң мен тәртіп» – әділетті қоғамның берік негізі. Заңға құрмет көрсету, қоғамдық тәртіпті сақтау және әр азаматтың өз міндетін адал орындауы – елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің кепілі. Заң үстемдік еткен жерде әділдік, жауапкершілік және сенім орнығады. Сондықтан заңды сақтау – әрбір азаматтың ортақ борышы әрі ел болашағына қосқан үлесі.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.