ХАБАРЛАНДЫРУ ҚҰРМЕТТІ ШАРДАРА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

ХАБАРЛАНДЫРУ  ҚҰРМЕТТІ ШАРДАРА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту туралы» Заңына сәйкес коммуналдық қызмет көрсетушілер жоспарлы шектеулер немесе жөндеу жұмыстары жүргізілген жағдайда тұтынушыларды алдын ала хабардар етуге міндетті.
Осыған байланысты, Шардара қаласының орталығында орналасқан бас су жинағыш (ХАУЗ) нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз.
Аталған нысанда жалпы сыйымдылығы 7 000 текше метрді құрайтын төрт резервуар орналасқан:
3 000 м³ – 1 резервуар;
2 000 м³ – 1 резервуар;
1 000 м³ – 2 резервуар.
Резервуарлар, су құбырлары, ысырмалар және басқа да инженерлік жабдықтар ұзақ жылдар бойы күрделі жөндеуден өтпеген. Қазіргі таңда «Тама» жерасты су көзінен келетін ауыз суды тұрғындарға сапалы әрі үздіксіз жеткізу мақсатында кешенді жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта 2 000 м³ көлеміндегі бір резервуар мен 1 000 м³ көлеміндегі екі резервуар жөндеуге уақытша тоқтатылған. Осыған байланысты қалаға ауыз су әзірге тек 3 000 м³ көлеміндегі бір резервуар арқылы берілуде. Соның салдарынан қаланың жекелеген аумақтарында ауыз су қысымының төмендеуі және уақытша су тапшылығы байқалуы мүмкін.
Жөндеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін барлық резервуарлар, ішкі су құбырлары мен ысырмалар жаңартылып, ауыз су қалыпты режимде және тұрақты қысыммен берілетін болады.
Күрделі жөндеу кезеңінде ауыз суды тұрғындарға берілу кестесі нақты бекітілген соң, тұрғындарға бүгін яғни, 19.07.2026 жылы қосымша хабарланатын болады.
Уақытша туындаған қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, сабырлық танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі