Шардара қаласының орталығында орналасқан ауыз су таратушы ХАУЗ-да жалпы сыйымдылығы 7 мың текше метр су жинақтауға арналған 4 резервуар бар (1-дана 3000 м³, 1-дана 2000 м³, 1-дана 1000 м³ және 1-дана 1000 м³). Аталған резервуарлар мен су құбырлары және ысырмалар (задвижка) мен басқада жабдықтар ұзақ жылдардан бері жөндеуден өтпеген. «Тама» жерасты суын қала тұрғындарына берудің алдында ХАУЗ жөндеуден өткізілуде. Бүгінгі таңда 3 резервуарға (1-дана 2000 м³, 1-дана 1000 м³ және 1-дана 1000 м³) жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, Шардара қаласына ауыз су 1 резервуармен (3000 м³) берілуде. Осыған байланысты қалада су тапшылығы сезілуде. Алдағы аптада 3 резервуарды жөндеу және ішкі құбырлар мен ысырмаларды ауыстыру жұмыстары толық аяқталып, жағдай тұрақталады. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұранамыз.