Облыс әкімі Көшеров Нұралхан Оралбайұлының төрағалығымен қала, аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен тиісті мекеме басшыларының қатысуымен мәжіліс өтті.
Аталған мәжіліске қала, аудан әкімдерінің басым көпшілігі «Бейнеконференц-байланыс» арқылы қатысты.
Мәжіліс барысында облыстағы автомобиль жолдарының жай-күйі, жол инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар және «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты басқарма басшылары тиісті баяндамалар жасап, атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер жөнінде баяндады.
Жиынға Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы қатысты. Мәжіліс барысында ауданға қатысты өзекті мәселелер жеке қаралған жоқ.
Жиын қорытындысы бойынша облыс аумағында көтерілген мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, белгіленген міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді.
Сонымен қатар, аудан аумағында жол инфрақұрылымын жақсарту, елді мекендер арасындағы қатынасты қолжетімді ету, тұрғындар үшін қолайлы жағдай қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру маңызды екені айтылды.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті дамыту, халықтың табысын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және ауыл шаруашылығы саласындағы бастамаларды қолдау бағытындағы жұмыстарды одан әрі жандандыру қажеттігіне басымдық берілді.
Шардара ауданы әкімдігі алдағы уақытта да облыс басшылығы тарапынан жүктелген міндеттерді сапалы орындап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыра береді.