Құрметті Шардара ауданының тұрғындары!

Құрметті Шардара ауданының тұрғындары!
 
Сіздерді мемлекетіміздің мерейлі мерекесі – 6 шілде – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Астана – Тәуелсіз Қазақстанның жарқын келбеті, ел бірлігі мен жасампаздықтың, тұрақтылық пен өркендеудің символы. Аз ғана уақыттың ішінде әлем мойындаған заманауи мегаполиске айналған бас қаламыз – халқымыздың асқақ арманы мен баянды болашағының айқын көрінісі.
Президентіміздің бастамасымен Астана бүгінде еліміздің саяси, экономикалық, мәдени және рухани орталығы ретінде дамудың даңғыл жолына түсіп, халықаралық деңгейде Қазақстанның беделін арттырып келеді. Бас қаламыздың жетістіктері – барша қазақстандықтардың ортақ мақтанышы.
Шардара ауданының тұрғындары да елдің өсіп-өркендеуіне, туған өлкеміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып келеді. Бірлігіміз бен еңбекқорлығымыздың арқасында ауданымызда көптеген игі бастамалар жүзеге асып, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Қадірлі жерлестер!
Осынау айтулы мереке күні әр шаңыраққа амандық пен бақ-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Астанамыздың мерейі үстем, Қазақстанымыздың болашағы жарқын болсын!
Астана күні құтты болсын!
Ізгі тілекпен,Шардара ауданының әкімі
Қарсыбаев Арман Романұлы