ЕЛ ИГІЛІГІ ЖОЛЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ЕЛЕНДІ

ЕЛ ИГІЛІГІ ЖОЛЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ЕЛЕНДІ
Бүгін Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков бірқатар мемлекеттік қызметшілерге Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің Алғыс хатын салтанатты түрде табыстады.
Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтап, елдің дамуына қызмет ететін аса жауапты әрі абыройлы сала. Әрбір мемлекеттік қызметші өзінің кәсіби біліктілігі мен адал еңбегі арқылы өңірдің өркендеуіне, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және қоғамның тұрақты дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді.
Марапаттау рәсімінде аудан әкімінің орынбасары марапат иелерін құттықтап, олардың қызметтеріне толағай табыс, зор денсаулық және ел игілігі жолындағы еңбектеріне жаңа жетістіктер тіледі.
Марапат – өткен еңбектің бағасы ғана емес, алдағы жауапты міндеттерге деген сенімнің белгісі. Халыққа қалтқысыз қызмет етіп жүрген мемлекеттік қызметшілердің еңбегі әрдайым лайықты бағалана бермек.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі