ҚҰРМЕТТІ ШАРДАРА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ ШАРДАРА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
Шардара қаласын сапалы әрі тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында қазіргі таңда қалалық су таратушы хаузда ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жоба аясында:
🔹 су тарататын 4 резервуар;
🔹 су сорғы станциясы күрделі жөндеуден өткізілуде.
Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – алдағы уақытта тұрғындарды үздіксіз, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.
Жөндеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін ауыз су қызметінің сапасы жақсарып, жүйенің сенімділігі артады.
📢 Ауыз су бүгінгі күннің соңына дейін кезең-кезеңімен беріледі.
Уақытша туындаған қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, сабырлық танытқандарыңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Бірлесе атқарылған жұмыс – тұрғындардың жайлы тұрмысы мен жарқын болашағына жасалған маңызды қадам!
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі