Аудан әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы БаҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құтықтады.

Аудан әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы БаҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құтықтады.
 
Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы аудандық «Өскен өңір» және «Шартарап Шарайна» газеттерінің ұжымдарын арнайы қабылдап, 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтады.
Кездесу барысында аудан басшысы журналистер қауымының қоғамдағы орны мен жауапкершілігіне тоқталып, бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекет пен халық арасындағы маңызды алтын көпір екенін атап өтті. Сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғамдық-саяси өміріндегі жаңалықтарды тұрғындарға дер кезінде әрі сапалы жеткізуде аудандық басылымдардың қосып отырған үлесі зор екенін айтты.
Журналистика – үлкен жауапкершілік пен кәсіби шеберлікті талап ететін маңызды сала. Сіздер қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, елдің тыныс-тіршілігін халыққа жеткізіп келесіздер. Ауданымыздың жетістіктері мен жаңалықтарын кеңінен насихаттап, өңірдің өркендеуіне өзіндік үлес қосып жүрген барша БАҚ қызметкерлеріне шынайы алғысымды білдіремін, – деді аудан әкімі.
Мерекелік қабылдау барысында ақпарат саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар журналистер мен газет қызметкерлері аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталып, арнайы сый-сияпаттарға ие болды.
Өз кезегінде «Шартарап Шарайна» және «Өскен өңір» газеттері ұжымдарының атынан Қары Нұрмахан Қауысұлы мен Сабит Қоспанұлы Лаханов аудан басшысы Арман Романұлына көрсетілген құрмет пен қолдау үшін ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта да өңірдің тыныс-тіршілігін жан-жақты насихаттау бағытындағы жұмыстарын жалғастыра беретіндерін жеткізді.
Іс-шара соңында аудан әкімі Арман Қарсыбаев ақпарат саласы қызметкерлеріне шығармашылық табыс, қаламдарына қуат, кәсіби жетістіктер және отбасыларына амандық тіледі. Сонымен қатар ауданның өсіп-өркендеуі жолында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен жергілікті билік арасындағы өзара ынтымақтастық алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.
Мерекелік кездесу көтеріңкі көңіл күйде аяқталып, қатысушылар естелік суретке түсті. БАҚ өкілдері көрсетілген құрмет пен қолдау үшін аудан басшылығына алғыс айтып, өңірдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы маңызды ақпараттарды халыққа сапалы әрі шынайы жеткізу жолындағы еңбектерін жалғастыра беретіндерін атап өтті.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі.