ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ
 
2026 жылғы 23 маусым – Қазақстан полициясы күніне орай Шардара аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік жиында ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы еңбектері ерекше аталып өтті. Жеке құрам қызметкерлері кәсіби мерекелерімен құттықталып, қызметтік міндеттерін адал әрі үлгілі атқарғаны үшін марапатталды.
Салтанатты шара барысында Шардара ауданы әкімінің орынбасары Б. Төребеков аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың атынан бірқатар қызметкерлерге Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарын табыстады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі, полиция генерал-майоры Ержан Сәденовтің атынан ведомстволық марапаттар берілді.
Іс-шара соңында полиция бөлімінің басшылығы қоғамдық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету жолындағы қажырлы еңбектері үшін қызметкерлерге алғыс айтып, алдағы қызметтеріне табыс, отбасыларына амандық тіледі.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі