Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы мерейтойлы басылымға құрмет көрсетті

Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы мерейтойлы басылымға құрмет көрсетті
 
Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы аудандық «Өскен өңір» газетінің бас редакторы Лаханов Сабит Қоспанұлын арнайы қабылдап, басылымның 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Кездесу барысында аудан басшысы газет ұжымының өңірдің қоғамдық-саяси өмірін, әлеуметтік-экономикалық дамуын, ел ішіндегі маңызды жаңалықтар мен игі бастамаларды халыққа жеткізудегі еңбегіне жоғары баға берді.
Арман Романұлы «Өскен өңір» газетінің алты онжылдық бойы аудан тарихын хаттап, тұрғындар мен билік арасындағы байланысты нығайтуда маңызды рөл атқарып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ басылымның ауданның тыныс-тіршілігін айшықтайтын, халықтың үнін жеткізетін беделді ақпарат құралына айналғанын жеткізді.
«Өскен өңір» газеті – ауданымыздың өткені мен бүгінін сабақтастырып, елдің жетістіктерін насихаттап келе жатқан рухани құндылық. Осы жылдар ішінде қалыптасқан дәстүр мен тәжірибе алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенемін, – деді аудан әкімі Арман Романұлы.
Мерейтой иелеріне ізгі тілегін білдірген аудан басшысы редакция ұжымына шығармашылық табыс, оқырман сенімі мен абырой-беделдің арта беруін тіледі. Сонымен қатар редакция жұмысының сапасын арттыруға және материалдық-техникалық базасын нығайтуға қолдау ретінде демеушілер есебінен алынған компьютерді табыстап, арнайы құттықтау хатын табыстады.
Өз кезегінде «Өскен өңір» газетінің бас редакторы Сабит Қоспанұлы Лаханов көрсетілген құрмет пен қолдау үшін аудан әкімі Арман Романұлына алғысын білдіріп, газетінің 60 жылдық мерейтойына орай әзірленген арнайы мерейтойлық медальді табыс етті.
Кездесу барысында жергілікті ақпарат кеңістігін дамыту, тұрғындарды сапалы әрі шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету және аудан жетістіктерін кеңінен насихаттау бағытындағы бірлескен жұмыстарды ары қарай дамыту бойынша өз жоспарларымен бөлісті
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.