Сіздерді 24 маусым – Қазақстан Республикасы Соттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Сот билігі – құқық үстемдігін қамтамасыз ететін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын, қоғамдағы әділдік пен заңдылықтың берік тірегі. Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз, адал қызметтеріңіз бен жоғары жауапкершіліктеріңіз еліміздегі құқықтық мемлекеттің дамуына және халықтың сот жүйесіне деген сенімінің нығаюына зор үлес қосып келеді.
Заң мен әділеттілікті ту еткен сот қызметкерлерінің еңбегі қашанда құрметке лайық. Әрбір қабылданған шешімнің артында үлкен жауапкершілік, терең білім және адам тағдырына деген ерекше жанашырлық жатыр.
Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге толағай жетістіктер тілеймін! Әділдік пен заң үстемдігі жолындағы абыройлы қызметтеріңіз жемісті болсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Құрметпен,Шардара ауданының әкімі.
Қарсыбаев Арман Романұлы