Құрметті полиция қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – 23 маусым Қазақстан Республикасы Полиция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы жауапты қызметтеріңіз – ел тыныштығы мен тұрақтылығының берік кепілі. Сіздер күнделікті қызмет барысында заң үстемдігін сақтап, құқық бұзушылықтың алдын алып, тұрғындардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолында аянбай еңбек етіп келесіздер.
Полиция қызметі – жоғары жауапкершілікті, табандылық пен батылдықты талап ететін абыройлы мамандық. Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен Отан алдындағы адал қызметтеріңізге аудан тұрғындары әрдайым зор құрметпен қарайды.
Осы мерейлі күні баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс пен толағай жетістіктер тілеймін. Еліміздің тыныштығы мен халқымыздың қауіпсіздігі жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Құрметпен, Шардара ауданының әкімі.
Қарсыбаев Арман Романұлы