Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Шардара аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында футболдан жарыс өткізілді.
Спорттық іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік қызметшілер арасында бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ ұжымдық бірлік пен өзара ынтымақтастықты нығайту.
Жарыстың ашылу салтанатында Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тасболатұлы Төребеков сөз сөйлеп, қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар, командаларға сәттілік тілеп, тартысты әрі әділ ойын көрсетуге шақырды.
Жарыс барысында мемлекеттік қызметшілер жоғары спорттық дайындықтарын көрсетіп, командалық рух пен ауызбіршіліктің жарқын үлгісін танытты. Тартысты өткен кездесулер қатысушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, салауатты өмір салтын дәріптеуге өз үлесін қосты.
Аталған спорттық шара мемлекеттік қызметшілер арасында дене белсенділігін арттырумен қатар, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға, қызметтік әдеп қағидаттарын насихаттауға және ұжымдық мәдениетті дамытуға бағытталған жұмыстардың жалғасы болды.
Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын – Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі;
ІІ орын – Экономика және қаржы бөлімі;
ІІІ орын – Шардара ауданы әкімі аппараты командасы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапатталып, белсенді қатысушыларға алғыс білдірілді.
Осындай спорттық іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің денсаулығын нығайтуға, еңбек өнімділігін арттыруға және қызметтік міндеттерді тиімді орындауына оң әсер етеді. Сонымен қатар, жарыс барысында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік талаптарының сақталуына ерекше мән беріліп, қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданды.
Мемлекеттік қызметшілер күні аясында ұйымдастырылған мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, мемлекеттік қызмет саласындағы кәсібилік пен бірлікті нығайтуға ықпал ете бермек.