Ұзақ мерзімді еңбек демалысында МӘМС қалай төленеді?

Ұзақ мерзімді еңбек демалысында МӘМС қалай төленеді?
Ұзақ мерзімді еңбек демалысында МӘМС қалай төленеді?
🌈 Егер қызметкер бір айдан ұзақ мерзімге ақылы еңбек демалысына шықса, МӘМС төлемдерін дұрыс бөлу өте маңызды.
📌 Мысалы: қызметкер екі ай демалыста болса, жұмыс беруші төлемді бір рет аударғанымен, оны әр ай бойынша жеке көрсетуі керек. Яғни, тамыз және қыркүйек айларына арналған төлемдер бөлек есептелуі тиіс.
⚠️ Егер бұл талап сақталмаса, қызметкердің жүйеде берешегі пайда болып, ❌ сақтандырылған мәртебесі тоқтап қалуы мүмкін.
✅ Сондықтан бухгалтерия қызметкерлері МӘМС бойынша аударымдар мен жарналарды әр есептік кезеңге бөліп төлеуі қажет. Бұл қызметкердің сақтандыру мәртебесінің үздіксіз сақталуына мүмкіндік береді.