ШОМЫЛУ АЙМАҒЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ МАҚСАТЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ШОМЫЛУ АЙМАҒЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ МАҚСАТЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жазғы шомылу маусымында тұрғындар мен демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шардара су қоймасының жағалауында аудан әкімінің орынбасары, Полиция бөлімінің бастығының орынбасары, Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы және арнайы жұмысшы топтың қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында су көліктерін жүргізушілерге судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, белгіленген қозғалыс тәртібін бұзбау және демалушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеу жөнінде ескертулер айтылды.
Сонымен қатар, демалыс орнының кәсіпкерлеріне келушілер үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай қалыптастыру, санитарлық тазалықты тұрақты бақылауда ұстау, жағалау аумағын таза сақтау және қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз орындау қажеттігі түсіндірілді.
Мұндай профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасып, шомылу аймақтарында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталатын болады.