Құрметті инвесторлар, кәсіпкерлер және шаруа қожалықтарының өкілдері!
Сіздерді Шардара ауданының прокуроры Әлі Алмас Ермекұлының қатысуымен өтетін «ИНВЕСТ КЕРУЕН» кездесуіне шақырамыз.
Кездесудің мақсаты – инвесторлар, кәсіпкерлер және шаруа қожалықтарының өзекті мәселелерін анықтап, оларды шешу жолдарын қарастыру.
Күні: 19 маусым 2026 жыл
Уақыты: 15:00
Өтетін орны: «Абай» атындағы Мәдениет үйі
Егер сізді толғандырған мәселелер, ұсыныстар немесе инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында туындаған сұрақтар болса, аталған кездесуге қатысуға, ашық пікір алмасу алаңында белсенді болуға шақырамыз!