1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев мүмкіндігі шектеулі балалардың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.
Аудан басшысы балалар мен олардың ата-аналарымен жүздесіп, жылы лебізін білдірді. Балалардың денсаулығының жақсарып, өмірде өз орындарын тауып, бақытты ғұмыр кешулеріне тілектестік білдіріп, арнайы сыйлықтар табыстады.
Балаларға көрсетілген әрбір қамқорлық пен мейірім – олардың жарқын болашағына деген сенімнің белгісі. Мереке күні тарту етілген сыйлықтар мен жылы сөздер бүлдіршіндердің жүздеріне күлкі сыйлап, отбасы мүшелеріне ерекше қуаныш сыйлады.
– Балалар – біздің ең қымбат байлығымыз. Әрбір бала қамқорлық пен мейірімге лайық. Олардың дені сау, бақытты болып өсуі – баршамыздың ортақ міндетіміз, – деді аудан әкімі.
Мейірім мен ізгілікке толы бұл кездесу балалардың көңілінде ұмытылмас әсер қалдырып, мерекенің мәнін арттыра түсті.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі