Шардара ауданы әкімінің төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті

Шардара ауданы әкімінің төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті
Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысы және салалық бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жан-жақты қаралды.
Мәжіліс барысында аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы орынбасары Талғат Әлімқұл мен Көксу ауылдық округінің әкімі Бахтыбай Қошхарбаев өз салалары бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер туралы баяндама жасады.
Жиын барысында аудан әкімі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Атап айтқанда, аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Қаратунов пен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ержан Нұраховқа Тама–Тастанбек елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету жобасының жүзеге асырылуын тұрақты бақылауда ұстап, Жаушықұм–Қалғансыр автомобиль жолы құрылысының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз ету тапсырылды.
Ақпараттық саясат және қоғамдық-саяси тұрақтылық мәселелері бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерлан Абдразаховқа қолданыстағы заңнама талаптарын басшылыққа ала отырып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру, аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды тұрғындарға кеңінен жеткізу, қоғамдық пікірге тұрақты мониторинг жүргізу және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды күшейту міндеттелді.
Ауыл шаруашылығы саласында аудан әкімінің орынбасары Жұмасұлтан Бердешов пен Талғат Әлімқұлға көктемгі және маусымдық агротехникалық жұмыстардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету, шаруалармен түсіндіру және ұйымдастыру жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Сонымен қатар аудандық экономика және қаржы бөліміне кірістер басқармасымен бірлесіп, бюджет кірістерін ұлғайту, қосымша кіріс көздерін анықтау және бұл бағыттағы жұмыстарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізу жүктелді.
Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Мейрамбек Исаевқа жер учаскелеріне қатысты аукциондар мен конкурстардың ашықтық, жариялылық және заңдылық қағидаттарын сақтай отырып өткізілуін қамтамасыз ету тапсырылды. Ал ауыл округі әкімдеріне егістік алқаптарына жоспарланған ауыл шаруашылығы дақылдарының толық әрі мерзімінде егілуіне бақылауды күшейту міндеті қойылды.
Бұдан бөлек, Шардара қаласының әкімі Д. Жұмаділлаев пен аудан әкімінің кеңесшісі Батыр Қалдарбекке қала аумағындағы санитарлық тазалықты сақтау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жандандыру бағытында нақты тапсырмалар берілді.
Жиын қорытындысында аудан әкімі барлық қала және ауыл округі әкімдеріне, дербес бөлімдер мен мекемелердің басшыларына жүктелген міндеттердің орындалуына жауапкершілікпен қарап, қызмет барысында заң талаптарын қатаң сақтауды, атқарылған жұмыстардың нақты нәтижесін көрсетуді және белгіленген тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Аудан басшысы мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттары – заңдылық, ашықтық, жауапкершілік және тиімділік талаптарын сақтау әрбір мемлекеттік қызметшінің басты міндеті екенін атап өтіп, берілген тапсырмалардың орындалуы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі!!!