Құрметті балалар! Қадірлі ата-аналар мен ұстаздар!

Құрметті балалар! Қадірлі ата-аналар мен ұстаздар!
Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – балаларға деген шексіз сүйіспеншіліктің, қамқорлық пен мейірімнің белгісі. Әрбір баланың бақытты балалық шақта өсіп, сапалы білім алып, өз қабілеті мен дарынын дамытуына қолайлы жағдай жасау – қоғам мен мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.
Балалар – еліміздің жарқын болашағы, тәуелсіз Қазақстанның ертеңгі тірегі. Сондықтан олардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау, сапалы білім мен саналы тәрбие беру, рухани-адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіру – баршамызға ортақ жауапкершілік.
Шардара ауданында өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына, білім алуына, спортпен және шығармашылықпен айналысуына қолайлы жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Себебі балалардың қуанышты күлкісі мен жарқын жетістігі – ауданымыздың да, еліміздің де табысты келешегінің кепілі.
Қымбатты балалар!
Сіздерге зор денсаулық, бақытты балалық шақ, жарқын болашақ, оқуда озат болып, армандарыңыздың орындалуын тілеймін. Еліміздің мақтанышы болып, ата-аналарыңыздың үмітін ақтап, туған жеріміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосатын білімді де тәрбиелі азамат болып ер жетіңіздер!
Барша отбасыларына амандық, бақ-береке, шаттық пен қуаныш тілеймін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Құрметпен,Шардара
ауданының әкімі